top of page

 «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін білім сапасымен қамтамасыз ету менеджменті»

халықаралық форумы

 

18-19 сәуір, 2019 жыл

Ақтөбе қаласы

Форум туралы

 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2019 жылғы 18-19 сәуір аралығында университетте ұйымдастырылатын «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін білім сапасымен қамтамасыз етуді басқару» халықаралық форумын өткізеді. (Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғ. 34, Бас ғимарат).

 

Кім қатысады?

Форумға қатысуға шақырылғандар:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері;

  • Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің өкілдері;

  • Дипломатиялық ведомстволардың өкілдері;

  • Отандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері;

  • Ұлыбритания, Еуропа, Орта Азия, ТМД елдерінің халықаралық сарапшылары;

  • Өңірлік деңгейдегі билік органдарының өкілдері;

  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік компания басшылары және өкілдері.

 

Спикерлер

Форумға Ресейден, Беларуссиядан, Польшадан, Болгариядан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Эстониядан, Түркиядан, Қытай  мен Кореядан спикерлер шақырылған.

 

Талқыланатын тақырыптар

Форумда келесі бағыттар бойынша панельдік баяндамалар мен пікірталастар қарастырылған:

  • Білім сапасын басқару жүйесі;

  • Білім сапасын қамтамасыз ететін маңызды тетіктер;

  • Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінде сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.

Форумға қатысу форматы

Форумға қатысудың үш түрлі форматы ұсынылады:

  • Спикер ретінде баяндама жасау ( іріктелген баяндамалар республикалық журналдарға мақала ретінде ұсынылады);

  • Форум қатысушысы (тыңдаушысы) ретінде қатысу;

  • Онлайн форматында баяндама жасап қатысу.

Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

 

Форумның маңыздылығы

  • Форум спикерлерінің / қатысушыларының таңдалған мақалалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының «Қазақстанның жоғары мектебі» ақпараттық-талдамалық журналында, Аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің (NAAR) «Education» журналында, сондай-ақ «Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ хабаршысы» ғылыми журналында  жарияланатын болады.

  • Форум қатысушыларына бекітілген үлгі бойынша электронды сертификаттар табысталады.

 

Өткізілетін орны

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ә.Молдағұлова даңғылы 34, Жастар сарайы («Мәңгілік ел» залы).

 

Форумның Ұйымдастыру комитеті Сізге осы ақпаратты  қызығушылық танытқан ортаға таратқаныңыз үшін  алғысын білдіреді.

Біз ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз және сіздің ұсыныстарыңызды күтеміз.

Сізді Форум қатысушылары арасынан кездестіретінімізге қуаныштымыз!

Барлық сұрақтар бойынша мына электронды мекен-жайға хабарласуыңызға болады: arsu.forum2019@mail.ru

Форумға қатысу үшін тіркелу (сілтеме бойынша кіріңіз).

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

 

 

 

 

Қосымшаны жүктеу:

 

1.      Aқпараттық хат. 

2.      Қатысуға өтінім.

3.      Аккредиттеу және рейтингінің тәуелсіз агенттігінің (NAAR) «Education» журналындағы мақалалар авторы үшін талап.

4.      Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының «Қазақстанның жоғары мектебі» ақпараттық-талдамалық журналындағы мақалалар авторы үшін талап.

5.      «Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ хабаршысы» ғылыми журналындағы мақалалар авторы үшін талап.

© 2019 Центр международного сотрудничества АРГУ им.К.Жубанова

bottom of page